"Былтыр 44 мыңнан аса пəтер тоналған. Менің ойымша, құқық қорғаушылар назар аударатын бірінші бағыт осы. Неге? Себебі, біздің халық үшін қауіпсіздікті сезіну тұратын жерінің қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Ұрылардың пəтер ұрлайтын амалын айтып берейін",-деген ол пəтер тонаушының тіпті көршілердің мізен-құлқын əбден зерттейтінін айтты.
" Алдымен олар үйдің балконы мен терезесін əбден зерттейді. Сосын, бейнекамераларды қарайды. Күзетке, тіпті көршілерге де назар аударады. Кейін белгілі бір кіреберісті анықтап, сол кіреберістегі бірнеше пəтерді аңдып, есігін бұзады, терезесінен кіреді. Немесе кілт таңдайды. Осындай ұрлықтардан кейін қауіпсіз өмір сүріп жатырмыз деп айта алмаймыз",-дейді ол.