Бас прокуратура: Педиатрия ғылыми орталығы мен республикалық қан орталығында С гепатитін жұқтыру көздері анықталған жоқ

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Бас прокуратура педиатрия ғылыми орталығы мен республикалық қан орталығында лейкемиямен ауратын балалар арасында С гепатитін жұқтыру фактісін анықтаған жоқ.

Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші департаменті бөлімінің аға прокуроры Гүлнәз Өмірәлі хабарлады.

«Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігінің мамандарымен бірлесе отыра педиатрия ғылыми орталығы мен республикалық қан орталығында тексеріс жұмыстарын жүргізді. Бұл екі орталықта ауруды жұқтыру ошақтары табылған жоқ. Бірақ тексерулердің жалғасып жатқанын және біздің аймақтарда тексерулер жүзеге асыру арқылы ауруды жұқтыру ошақтарын анықтауға тырысып жатқанымызды атап өткім келеді», - деді журналистерге берген сұхбатында Г.Өмірәлі.

Қадағалаушы органның өкілі тексеріс нәтижелері жайлы Бас прокуратура хабарлайтынын да айта кетті.