«Бұл дауыс беру құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Себебі аталған видеокамералар дауыс беру кабиналарына бағытталғаны анықталды», - деді А. Сарғазин Орталық коммуникациалар қызметінде.
Сонымен қатар тілшілер әлеуметтік желілерде түрлі байқаушылар кейбір сайлау учаскелерінде дауыс беруді байқауға жағдай жасалмағандығын жазғанын айтты. Бұл тұрғыда орындықтардық жетіспеуі, ПТР-тест талап етуге қатысты пікірлер жазылған.
«Осы бағытта сайлау комиссияларының тарапынан заң бұзушылық болмады деп айта аламыз. Бұл қадамдар коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты бас санитар дәрігерінің талаптарын орындау аясында іске асырылып отыр», - деді Азамат Сарғазин.