«Бірінші нұсқа аясында орманды қасақана өрттеу әрекеті тексеріліп жатыр. Яғни ағашты сату мақсатында осындай қылмыс жасалуы мүмкін. Екіншіден, адами фактор салдарынан өрттің таралуы нұсқасы бар. Ал үшінші нұсқада табиғи сипаттағы фактордың әсері қаралады. Үш нұсқаның барлығы тексеріледі», - деді Ж. Өмірәлиев бүгін Мәжіліс отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты қылмыстық іс аясында министрлер мен әкімдерден жауап алу туралы сұраққа жауап берген болатын.
Семей орманындағы өрт бойынша өз қызметіне салғырт қараған лауазым иелері қылмыстық жазаға тартылатынын мәлім етілді.