«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармалары 2012 жылдың 12 наурызынан бастап халыққа ұсынатын қызметін оңтайлы ақпараттық қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы келіп түскен соттылықтың болуы не болмауы туралы электронды түрде анықтамалар береді. Бұл ретте, соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мерзімі 7-ден 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Азамат электрондық анықтама алу үшін ИИН және Ұлттық куәлік беруші орталық берген электронды сандық қолтаңба болған жағдайда «Электрондық үкімет» веб-порталы (ЭҮП) арқылы немесе жеке бас куәлігі мен өтініші болған жағдайда ХҚКО арқылы жүгіне алады.
2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электронды сандық қолтаңба туралы» Заңның 7 бабы 1-тармағына сәйкес соттылықтың болуы немесе болмауы туралы электрондық анықтамалар қағаз түріндегі анықтамамен тең дәрежеде.
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы электрондық анықтамаларды беру халықтан талап етілетін құжаттардың санын қысқартуға және азаматтардың осы мемлекеттік қызметті алу үшін кететін уақыттарын қысқартуға мүмкіндік береді.