«Қазақстанның территориясын ескерсек, бейнебайланыс арқылы жауап алу жүйесі тергеудің тиімділігін арттырады. Оған қоса, біз бюджеттің біраз қаражатын үнемдей аламыз», - деп атап көрсетті И.Меркель.
Айта кетейік, аталған ұсыныс Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жаңа нұсқасында көрініс тапқан. Ол құжаттарды 2015 жылы қолданысқа енгізу көзделіп отыр.