Бас Прокуратура жаңа Прокурорлық ар-намыс кодексін әзірледі

анның 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бас Прокуратура жаңа Прокурорлық ар-намыс кодексін әзірледі.

 Бұл туралы бүгін Астанада «Заңдылықты қамтамасыз етудегі қалалық және аудандық прокуратуралардың ролін жоғарылату» тақырыбында өтіп жатқан республикалық семинар-кеңесте ҚР Бас Прокуроры Қайрат Мәми мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төрт жыл бұрын қабылданған Прокурорлық ар-намыс кодексі ескіріп, өзінің өзектілігінен айырылды. Осыған орай Бас Прокуратура жаңа кодексті әзірледі», деді Қ. Мәми.

Оның айтуынша, жаңа кодексте бағдарламалық  құжаттардағы мәселелер және Президенттің тапсырмалары ескерілген.

«Біз қазақстандық прокурорлар қауымдастығы жарғысының жобасын әзірледік. Ол республикалық мәртебесі бар қоғамдық бірлестік түрінде құрылады», деді Бас Прокурор.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бірлестіктің негізгі міндеті прокуратура органдарының мүдделерін білдіру  мен қорғауға, сондай-ақ осы құрылғалы тұрған ұйымның жұмысы шет мемлекеттердегі осындай ұйымдармен халықаралық қарым-қатынастарды орнатып, дамытуға бағытталмақ.