Бас прокуратура баспасөз қызметінің атап өтуінше, талқылау барысында аталған өңірлер прокурорларының қызметіне принципті түрде баға берілді. Тиісті қадағалауды қамтамасыз етпеген қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені қабылданды. Аталған өңірлердің прокурорларына бизнесті және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өзге де басым бағыттар бойынша, сондай-ақ қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді күшейту тәрізді бірқатар тапсырмалар берілді.