онда кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу және оларды болдырмау бағытында атқарылған жұмыстардың жай-күйі, сондай-ақ сотта мемлекеттік айыптауды қолдау тәжірибесі талқыланды.
Алқа мәжілісінің жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Адам құқығын қорғау жөніндегі Ұлттық орталықтың басшысы, ішкі істер, білім және ғылым, байланыс және ақпарат, спорт және туризм, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары қатысты,деп хабарлайды Бас прокуратураныңбаспасөз қызметі
Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесінің алқа мәжілісінің күн тәртібіне шығарылуы оның аса маңыздылығында болып отыр. Орын алған жағдайға Бас прокуратура осыдан бірнеше жыл бұрын көңіл аударып, тексеру нәтижесінде алаңдаушылық тудыратын деректер анықтаған болатын.
Дегенмен, соңғы жылдары жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың белең алып бара жатқаны және жасалған талдаудың нәтижесі орын алған мәселе түйінінің осы уақытқа дейін өз шешімін таппағанын әрі оның өзектілігін көрсетіп отыр.
Алқа мәжілісінде уәкілетті органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарының жеткіліксіздігі аталып өтті. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсауға негізінен отбасындағы, мектептегі және достарының ортасындағы қарым-қатынастар себепші болуда. Ал өз еркімен өмірін қиған немесе оны жасауға талпынғандардың психологиялық бейнесін зерделеу бұл балалардың басым көпшілігінің психологиялық түрғыдан дендерінің сау екендігін көрсетті.
Талқылаудың нәтижесінде алқа мэжілісі кәмелетке толмағандардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсауға бейім мінез-құлық профилактикасының жаңа әдістерін, кешенді алдын алу шараларын қабылдау, уәкілетті органдар мен жұртшылықтың арасындағы өзара іс-қимыл белсенділігін арттыруды қарастыратын балалардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуға арналған Мемлекеттік бағдарламаны дайындаудың және қабылдаудың қажеттілігін атап көрсетті.
Мәселенің ерекше маңыздылығын ескере отырып, тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар және олардың туындауына әсер еткен себептер мен жағдайлар бойынша Үкіметке сәйкес ұсыныс енгізу жөнінде алқа шешім қабылдады.
Ішкі істер министрлігіне кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелер жұмысының сапасын жандандыру үшін тиімді шараларды қабылдау, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларын тергеумен айналысатын арнайы ювеналды бөлімшелер құру тапсырылды.
Білім және ғылым министрлігіне білікті маман психологтарды тарту, оқушылардың мектептен тыс тәрбиесін жандандыру жэне олардың бос уақытын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, оларда өмір шындығын сыни тұрғыда бағалау, теріс әсер ететін қысымдарға қарсы тұру қабілеттерін қалыптастыру міндеті жүктелді.
Денсаулық сақтау министрлігіне жан күйзеліс жағдайында жүрген және өзіне-өзі қол жұмсауға бейім адамдарға көмек көрсететін мамандандырылған суицидологиялық қызметтер ашу мәселесін шешу ұсынылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға қарсы күш қолданудың салдарынан дене жарақаттарын алғандығы жөнінде шағымдар түскен ретте дер кезінде құқық қорғау органдарын хабардар ету міндеті жүктелген заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсауды насихаттау интернет жүйесінде ашық жүргізілетінін, ал осындай сайттарға кіру деңгейі айтарлықтай жоғары екенін ескере отырып, алқа Байланыс және ақпарат министрлігіне мүндай интернет көздерінің қызметіне шектеу орнату және белгілі бір жас санатындағы балалардың енуіне рұқсат бермеу немесе қызмет көрсетудің ерекше тәртібін орнату мәселесін қарастыруды ұсынды.
Бас Прокурор облыс прокурорларына мектеп оқушыларын бопсалау деректері бойынша қозғалған істерді зерттеу үшін тиісті шараларды қабылдауды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуі бойынша қозғалған қылмыстық істердің тергелуіне тікелей бақылау жасауды жүктеді.
Сотта мемлекеттік айыптауды қолдау тәжірибесіне талдау жасау прокурорлардың сот талқылауларында қатысуының сапасын көтерумен, сотта қатысу дайындығын тиісті деңгейде қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Сондықтан жүмыс қорытындысын жасау барысында өзге өлшемдермен қатар прокурорлардың ұстанымы мен сот шешімдерінің арасындағы алшақтықты да талдау маңызды болып табылатыны алқа мәжілісінде атап өтілді. Осыған орай Бас Прокурор аймақтағы прокурорларға қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарылған әрбір қылмыстық істерге тексеру жүргізуді тапсырды.