Бас прокуратурада қарудан ату бойынша жарыс болып өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратурада Прокуратура күніне орай прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында қарудан ату бойынша жарыс болып өтті.

Жарысқа 41 қызметкерден құралған 22 команда қатысты: 8 команда Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінен, 12 команда облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардан, сондай-ақ Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің командалары болды.

Жарыстың жеңімпаздары ретінде Бас прокуратураның (1-ші орын), Бас әскери прокуратураның (2-ші орын) және Алматы қаласы прокуратурасының (3-ші орын) құрама командалары анықталды.

Жарыстың командалық және жеке сайыстарында көзге түскен қатысушылар кубоктар, медальдер, грамоталар және құнды сыйлықтармен марапатталды, деп хабаралайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.