Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Халқымыз ертеден бері жылдың басы әрі табиғаттың жаңаратын күні Наурызды мерекелеп келген. Бүгінде Қазақстанның барлық халықтары үшін ол көктемгі жаңарудың, достық пен бірліктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің нышанына айналып отыр. Тәуелсіздік жылдарында ежелгі мереке уақытты, Қазақстан тарихы мен бүгінін байланыстырушы маңызды буын ретінде қазіргі өмірден үйлесімді орын алды», - делінген баспасөз айғағында.
Салтанатты іс-шара ведомство қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертпен аяқталды.