Бас прокуратурада Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен кездесу өтті

Фото: Фото: Қазақстан Бас прокуратурасы

АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокуратурада дзюдодан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметовпен кездесу өтті. 

Құттықтау сөзінде Бас прокурор чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, оның отандық спортты дамытуға және саламатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.

Бас прокуратура басшылығы Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. 

Фото: Қазақстан Бас прокуратурасы

Сондай-ақ кездесу барысында Елдос Сметов Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде көш бастағанын жазған едік.