талқыланды», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарын жетілдіру және өзара іс-қимыл жасасу, тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында діни экстремизм және терроризм идеологиясының таратылуына жол бермеудің профилактикасы бойынша қосымша шаралар қабылдау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында еліміздің рухани және мәдени мұраларының құндылықтары жөнінде ақпараттық-ағартушылық іс-әрекеттің белсенділігін арттыру, қоғамдық келісімді нығайту жұмыстары сөз болды.
Бұған қоса діни экстремизм және терроризм көріністерінің фактілерімен байланысты істер бойынша сот-сараптамалық қызметті жетілдіру қажеттілігі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында экстремизм мен терроризмді насихаттау және оны ақтауға тосқауыл қою жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мәселелері қозғалды. Тұлғаның өз орнын табуына жағдай туғызатын қол жетімді спорттық секциялар мен клубтар, оқу орындары жанындағы шығармашылық үйірмелер желісін дамыту бойынша қосымша шаралар қабылдау арқылы халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде айтылды.
Аталған мәселелерді талқылау қорытындылары бойынша Кеңес
діни терроризм және экстремизмге қарсы тұрудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтарды, қоғам мен мемлекетті террористік қауіптерден сенімді түрде қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қосымша ұйымдастырушылық-практикалық шаралар мен іс-әрекеттерді үйлестіру жөнінде бірлескен шешімдер қабылдады.