Осы қоғамдық акцияға орталық аппараттың әртүрлі деңгейдегі 200-ден астам қызметкерлері қатысып, бірнеше мың шаршы метрлік аумақтың тазалығын қамтамасыз етті.
Астананың халықаралық әуежайына апаратын тас жолына ерекше көңіл бөлінеді, себебі ресми және туристік сапармен елордаға келетін азаматтар мен шетелдік қонақтар көбінесе қала инфрақұрылымының сапасын осы жолмен өтіп бара жатқанда бағалайды.
Прокуратура органдары өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартатын және еліміздің елді мекендерінде тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған осындай акцияларға жан-жақты қолдау көрсетуде.