деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, Бас прокуратураның бұл ұсынысы құзырлы министрліктер мен өзге де бірқатар органдар тарапынан талқылануда.
«Мемлекеттік алимент қорын құру еліміздегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Сонымен қатар оған мемлекет бюджетінен біршама қаржы қажет болады. Сондықтан біз бұл мәселені жақын күндерде шешіле салады деп ойламаймыз. Бұл бағытта қандай да бір жағымды жаңалық болған жағдайда, ол жөнінде біз міндетті түрде хабарлайтын боламыз», деді Н.Сүйіндіков.