Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Оңтүстік Қазақстан облысындағы қырым қанды безгегіне қатысты ақуалға түсіндірме беруден бас тартты

АСТАНА.  Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ -  Бас прокуратураның баспасөз хатшысы  Оңтүстік Қазақстан  облысындағы қырым  қанды  безгегіне қатысты ақуалға түсіндірме беруден  бас тартты.

Баспасөз хатшысы     Нариман  Бекназаров  телефонмен болған  әңгіме кезінде     мәлім еткендей,   ол   Түркістандағы қырым қанды безгегіне қатысты ақуалға түсіндірме беруден бас тартады.

 Бұған  дейін Бас  прокурордың  бірінші орынбасары   Иоганн  Меркель    журналистердің сауалдарына берген  жауабында, Оңтүстік Қазақстанда  адамдардың қырым қанды безгегін жұқтыру фактілері  бойынша тағайындалған   бес  сараптаманың     нәтижесі   шілденің 22-сінде   мәлім   болатынын   айтқан  болатын.   Оңтүстік Қазақстан  облыстық денсаулық сақтау басқармасының  мәліметтері  бойынша,  бүгінгі күні    облыста     қырым қанды  безгегінің  11 оқиғасы   ресми   тіркеліп отыр.   Оның ішінде 9 факті - Түркістанда,  біреуі - Сайрам ауданында,   тағы бір оқиға - Кентауда тіркелген.  Түркістанда  - 5 оқиға,   Сайрам ауданында  - 1 оқиға кісі  өлімімен  аяқталды.  Бірақ та,    санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау     департаменті   қырым қанды  безгегін  жұқтырудың тек 7 оқиғасын   ғана  растап  отыр.  Қалған   оқиғаларда  диагноз   клиника-эпидемиологиялық мәліметтердің  негізінде  қойылған.