Бас прокурор алаяқ құрылыс компанияларына қатысты үндеу жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Бас прокуратурасында өтетін алқа отырысында еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов «Прокуратура туралы» Заңның 25-2 бабындағы құзіретін пайдаланып, үндеу жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үндеудің мақсаты - баспана сатып алушыларды алаяқ құрылыс компанияларының құйтырқы әрекеттерінен сақтандыру, құқықтық түсіндірме беру. Бас Прокурордың үндеуін 13 қазанда сағ. 16.00-де төмендегі сілтеме арқылы тікелей эфирден көре аласыздар: https://www.facebook.com/GenProkRK», - делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.