Бас прокурор әріптестеріне азаматтармен «түсінікті тілде» сөйлесуге кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов әріптестерін азаматтармен түсінікті тілде сөйлесулерін сұрады.

«Қиын сөздер, құрғақ сілтемелер, тым қатал болғандықтан адамдар біздің жауаптарымызды түсінбейді. Біз бір басқа планетадан келген сияқтымыз. Олар жауапты таба алмай, БАҚ-қа, ҮЕҰ-ға және халықаралық ұйымдарға жүгінеді. Арыздардың көп болып кеткені де осыдан», - деді ол бүгін Бас прокуратураның жартыжылдық қорытындысында. 

- Оны қалай түзей аламыз? Берілетін жауапты адамша жеткізіңіздер! Білімі жоқ азаматтардың өзі бізді жете түсінуі керек. Арызданушының барлық дәлелдемелері мен дауларын жіктеп отыру қажет және оларға нақты дәлел-айғақтармен жауап қайыру керек. Арыздың мәнін ұғынуларымыз тиіс. Адамның арызын оқып отырған кезде, кейде оның не айтқысы келгенін түсіну қиын. Иә, кейде эмоция көп те, арызданушының айтайын деген шағымы жоқ болады, - дейді Бас прокурор.

Оның айтуына қарағанда, Бас прокуратурада арыздардың түсінікті болуы үшін, азаматтарға оңай болу үшін арыз-шағымдардың шаблондары дайындалады.

Онда арызда нендей мәселелер болуы керек, өз талаптарын қалай жеткізу қажеттігі көрсетіледі.