Бас прокурор әйелдерді халықаралық мерекелерімен құттықтады

None
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күні мерекесінің құрметіне арналған салтанатты жиналыс болды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас Прокурор жиналыстың ашылуында әйелдердің әрдайым мейірімділік, әділеттілік, махаббат және нәзіктіктің белгісі болғандықтан, осы мерекемен ерекше  жылылық сезімдердің байланысты екенін атап өтті. Асхат Дауылбаев прокуратураның нәзік жанды қызметкерлерін құттықтап, прокуратура органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына олардың зор еңбек сіңіріп отырғандарын айтты.

Өмірлерін заңға және өз кәсібіне мінсіз қызмет етуге арнаған  прокуратураның әйел ардагерлеріне ерекше ілтипат білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.  Мереке құрметіне орай қызметтік борыштарын үлгілі орындап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға кіршіксіз еңбек еткен қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды.