Бас Прокурор азаматтарды қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті жеке қабылдауда азаматтармен кездесті, деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы баспасөз қызметінен.

Арыз берушілердің өтініштері негізінен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдар шешімдерінің заңдылығына, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз етуге қатысты болды, делінген хабарламада. А.Дауылбаев Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өтініш берушілердің айғақтарына қатысты істерді алдыра отырып және арызданушылардың қатысуымен толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заң бұзушылық анықталған жағдайда, прокурорлық қадағалау актісін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.