«Қазір ЭКСПО объектілері жоспарға сай салынуда. Көрмеге 100-ге жуық мемлекет қатыспақ. Трансұлттық компаниялар да қызығушылық танытуда. Жан-жақтан 5 миллион қонақ келмекші. Сондықтан ең маңыздысы - қауіпсіздік шаралары. Бұл ең алдымен құқық қорғау органдарына жүктелген міндет. Ол жөнінде Президенттің қатаң тапсырмалары бар», - деді Ж.Асанов.
Сондай-ақ, ЭКСПО қауіпсіздігін ойластырғанда халықаралық тәжірибе ескерілетін болады. «ЭКСПО-ның қауіпсіз өтуінің басты шарты - құқық қорғау органдарының бірлескен ұйымшыл қызметі. Ол үшін дамыған елдердің оң жетістіктерін алу керек. Жинаған тәжірибемізді кейін үлгі ретінде облыс, тіпті аудандарда енгізетін боламыз», -деді Бас прокурор.
ФОТО: Виктор Федюнин © 2016 МИА «Казинформ»