Бас прокурор қабылдау өткізді

АСТАНА.  Қазанның  6-сы.  ҚазАқпарат -   Қазақстан  Республикасының Бас прокуроры Қайрат  Мәми бүгін     жеке  мәселелері  бойынша азаматтарды  қабылдады.

Келушілер       құқықтары мен заңды мүдделерінің    бұзылу фактілері  бойынша  өз шағым-арыздарын    Бас прокурордың  құлағына  жеткізді,  деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бас прокурордың  қабылдауында  жиырмадан астам азамат болды.   Келушілердің    шағымдары  негізінен    қылмыстық  іс қозғаудан заңсыз бас тарту,      туған-туыстарының     негізсіз  айыпталуы,   сот шешімдерінің орындалуын  кейінге ысыру,   меншік  құқықтарына қысым келтіру  сияқты фактілерге қатысты  болды.

Қабылдаудың  нәтижелері  бойынша Бас  прокурор   азаматтардың  бұзылған құқықтарын   қалпына келтіруге  бағытталған  нақты   нұсқаулар берді.