онда Бас Прокурор Қайрат Мәми прокуратураның әйел қызметкерлерін осы мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Елімізде әйелдердің әлеуметтік қорғалуына және олардың өмір сүру деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлінеді.
Мемлекет Басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланың денсаулығын онан әрі күшейту, сондай-ақ әйелдер мен балаларға жақсы жағдай жасау бойынша қабылданып отырған шаралардың маңыздылығын атап көрсетті.
Жүргізіліп отырған гендерлік саясат шеңберінде әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ететін заңдар қабылданды.
Ұжым алдында сөз сөйлеген Қ. Мәми әйелдердің бүгінгі қоғамда әр отбасының жан жылуы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмірдің қозғаушы күші, саяси үдерістердің белсенді жүргізушілері екенін атап өтті.
Прокуратура органдарында мыңнан астам нәзік жандылар қызмет етеді және олардың көпшілігі жоғары лауазымдарда жауапкершілігі мол жұмыстар атқаруда.
Мереке құрметіне орай орталық аппараттың және өңірлік прокуратура органдарының қызметкерлері «Прокуратураның құрметті қызметкері» атағымен, Бас Прокурордың алғыс хаттарымен, «Прокуратура озаты», «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгілерімен және алғыспен марапатталды.