Бас прокурор Қайрат Мәми Жамбыл облысының прокуратурасында кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

None
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокурор Қайрат Мәмидің қатысуымен Жамбыл облысының прокуратурасында 2010 жылдың жұмыс қорытындыларын талқылауға және алдағы кезеңге қадағалау қызметінің негізгі бағыттарын белгілеуге арналған алқаның кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алқа мәжілісінде өткен жылы облыс прокуратурасының қадағалау қызметі заңдылықты нығайтуға, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғаны атап көрсетілді.

Әлеуметтік-экономикалық салада 8763 заң бұзушылық анықталды, 38911 азаматтың, 14 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалды. 779 млн. теңге сомасында жалақы төлемі қамтамасыз етілген, 19392 азаматтың еңбек құқықтары қорғалды.

1852 заңсыз акті заңға сәйкестеңдірілді және заңды күшін жойды. Прокурорлардың актілері бойынша түрлі жауапкершілікке барлығы 5266 лауазымды адам, сыбайлас жемқорлық үшін 231 лауазымды адам, оның ішінде 30-дан астамы мемлекеттік органдардың басшылары тартылды. 27 қылмыстық іс қозғалды.

Келтірілген залал 1 млрд. 712 млн. теңгеден асты, оның ішінде мемлекеттік кіріске 888 млн. теңге өтелді. Мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 170 млн. теңгені құрайтын алты конкурстың нәтижесі заңсыз деп танылды. 323 кәсіпкердің конституциялық құқығы қорғалды.

Прокурорлар 230 қылмыстық іс қозғап, 132 істі сотқа жолдаса, олардың ішінде 13 қылмыстық іс сыбайлас жемқорлыққа қатысты болды.

Ағымдағы жылы осы өңірдегі прокурорлардың алдында тұрған негізгі міндеттер жөнінде айтқанда, Бас прокурор Елбасының ұйымдасқан қылмыспен, есірткі айналымымен күресуде, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы қылмыстардың алдын алуда құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар үйлесімділігін күшейту және олардың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау қажеттігін атап өтті. Прокурорлар үшін, аймақтың географиялық орналасуын ескере отырып, трансұлттық қылмыспен күрес және кеден заңнамаларының сақталуы өзекті мәселелер болып қала бермек.

Әлеуметтік ортадағы азаматтардың еңбек, тұрғын үй және басқа да құқықтарын қорғау бойынша іс жүргізуде прокурорлық бастамамен талап қоюды ұсынуға шектеулер алынып тасталуы, міндетті санаттағы істердің тізілімінің кеңейтілуі қарастырылған прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі заңның қабылдануына байланысты бірқатар тапсырмалар байыппен шешуді қажет етеді.