Бас прокурор Қазақстан Президентіне есеп берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті заң және заңнамалық нормалардың, сондай-ақ азаматтардың заңды мүддесін сақтау ісіндегі еліміздің қадағалаушы органы ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтті.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.