«Жалаң статистикаға қызмет етуге үйреніп алғанбыз. Сандардың аржағында адамдар барын ұмытып кетеміз. Бұл түсінік кеңес заманынан бері санада бекіп қалған. Барлықтарына осы жағдай ыңғайлы сияқты. Барлығын түбегейлі өзгерту қажет», - деді ол бүгін Бас прокуратураның жартыжылдық қорытындысын шығару кезінде.
Осыған байланысты, ҚР Бас прокуроры үздік және нашар прокурорлардың реестрін жасауды тапсырды.
13:32, 22 Шілде 2016
Бас прокурор жалаң статистикаға сүйенбеуге кеңес берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов азаматтардың сенімін арттыру үшін жалаң статистикаға иек арта бермей, әр іске жан-тәнімен кірісуді талап етті.