Бас Прокурордың төрағалық етуімен Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас Прокуроры Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпаратБас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Отырысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес агенттігі, Ішкі істер,  Әділет, Қаржы, Төтенше жағдай министрліктерінің басшылары қатысты.

         Кеңес отырысында елде қоғамдық заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесу тиімділігін жоғарылатуға, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша бірлескен қосымша шаралар қабылдауға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі мәселелер қаралды.

Кеңес жалпы құқық қорғау органдарымен қабылданатын шаралар республикадағы тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жол бергенін, осы қызметті ұйымдастыруда белгілі бір оңды өзгерістер байқалғанын атап өтті. Сонымен қатар, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау және тіркеу барысында заңдылықты сақтау, пайдакүнемдік, зорлық-зомбылық қылмыстардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тізбесін айқындау мен «көлеңкелі» экономика үшін алғышарттарды жою, есірткінің заңсыз айналымы, қылмыстылықтың ұйымдасқан нысандарымен күресу мәселелері әлі де өзекті болып қала береді.

Туындаған мәселелердің бірлескен талқылауы құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, азаматтардың өмірін, денсаулығын және меншігін қылмыстық қол сұғушылықтан іс жүзінде сақтау бойынша қажетті шараларды әзірлеуге жол берді. 

Бақылау техникалық құралдарын жаппай енгізу, кәмелетке толмағандардың істері бойынша учаскелік инспекторлар институтының кеңейтілуі, халықтың кең ауқымы мен қоғамдастықты қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге тартуы жалғастырылатын болады. Азаматтардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету, қылмыстардың әсерінен пайда болған залалды өтеу жұмысы күшейтіледі.