Аталған қызметке журналист Әсем Есілбаева тағайындалды. Ұйым басшысы Кенжеболат Жолдыбайдың айтуынша, Ә.Есілбаева клубтың қаржы мәселесімен айналысатын болады. «Ол өзі - «А» клуб» жобасы авторларының бірі. Бұл өте жақсы бастама болатын. Өкінішке қарай, қазір оның жұмысы тұралап қалды. Мен ойлаймын, біздің клубта ол жобаны жандандырсақ, жақсы болар еді», - деп атап көрсетті К.Жолдыбай.
Бас редакторлар клубының бүгінгі отырысында ұйымның жаңа атқарушы директорына барлығы бірауыздан дауыс беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.