Бас санитар қаулысы: Алматыда демалыс күнгі шектеулер күшейтілді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 26 тамыздағы қаулысы бойынша Алматы қаласында демалыс күнгі шектеулер күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжат бойынша Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап:

- демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлері мен келушілерде «жасыл мәртебесі» бар Ashyq көшбасшыларының жұмысына –сағат 02.00-ге дейін;

- сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат берілді.

«Алматы қаласын қоспағанда, 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын», - деп жазылған қаулыда.

Құжатта Алматы қаласында да шектеу шаралары дәл осылай жеңілдеуі үшін эпидемиологиялық жағдай тұрақтануы керектігі айтылған.

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай трұақтанған жағдайда карантиндік шараларды жеңілдетуді енгізу тиісінше ағымдағы жылғы 4 және 6 қыркүйектен басталсын», - деп жазыған қаулыда.

Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.