«Қазақстан Республикасының және облыстардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларын шектеу іс-шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдау тапсырылды. Бұл бизнеске жаңа шектеулерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді», делінген шешімде.
Сондай-ақ, ВАК 21 қарашаға дейін кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық бұзушылықтарын тәртіп бұзушылығының ауырлық дәрежесі бойынша (кішігірім, маңызды, өрескел) шектейтін нормативтік-құқықтық актіні қабылдауды тапсырды.
Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 16 қарашадағы COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша берген тапсырмалары шеңберінде нақты шаралар әзірленді.