сөмкеге салынатын «сарқыттың» құрамына біраз өзгерістер енгізіп тастады.
Брифинг барысында тамақтан уланудың алдын алу туралы мәселеге тоқталған Бас санитар, оразаның аяқталып, мұсылман қауымы үшін Айт мерекесі басталар алдында тиісті құжаттары жоқ тауарларды тұтынудан сақтануға шақырды. Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин үш күндік мереке кезінде дастарханды тез бұзылатын тағамдардан сақтау қажеттігін де көтеріп, оның ішінде, әсіресе қаймақ пен майонез қосылатын салаттардан шектеу туралы ескертті.
«Қазақта дәстүрлі «сарқыт» деген бар, бұл сарқытқа ет те салынады, жеміс-жидек те салынады, салаттар да салынады. Біздің ұсынысымыз, сарқытқа кәмпит, печенье, жеміс-жидектер, шығыс тәттілері секілді тағы да басқа құрғақ әрі жеңіл тамақтар салынуы керек. Бұндай қарапайым қағидаларды сақтасақ қана біз денсаулықты да сақтаймыз, мерекелік көңілді де бұзып алмаймыз», - деді Бас санитарлық дәрігер.