Елбасы рәсім барысында қатысушылардың барлығын алдағы Жаңа жылмен және елдің бас шыршасы шырағының жағылуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Жаңа жыл - әсіресе өскелең ұрпақ үшін асыға күтетін айрықша мереке. Жаңа жыл салтанатына дейінгі ай армандаумен және ғажайыпты күтумен өтеді. Барлық қалауларыңыздың орындалуына тілектеспін. Біздің еліміздің мақсаты - Мәңгілік ел болу, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Біз елімізді дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін көтеруге ұмтылуымыз керек. Аға буын, соның ішінде сендердің ата-аналарың нақ сол үшін және Қазақстан жастарының игілігі үшін жұмыла еңбек етуде. Біз туған елді, оның астанасын, таулары мен сай-саласын, орманы мен даласын, өзендері мен көлдерін сүйеміз. Осының бәрі - біздің Отанымыз», - деді Қазақстан Президенті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға мықты денсаулық, оқу мен еңбекте табыс, игілік және бақ-береке тіледі.
Мерекелік шоуға 2300-ден астам оқушы және қаланың белгілі шығармашылық ұжымдары қатысты.
Рәсім арқылы бүкіл ел бойынша мерекелік шаралар басталды.