Бәсекелестікті қорғау агенттігі 9 айда 119 тергеуді аяқтады
10:51, 15 Қазан 2012
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау агенттігі ағымдағы жылдың 9 айында 119 тергеуді аяқтады.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 пайызға артық көрсеткіш.
Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов осылай мәлім етті.
Төрағаның айтуынша, агенттіктің қызметі арқасында бюджетке аударылған түсім сомасы да айтарлықтай өскен. «Мәселен, былтырғы жылдың 9 айында бюджетке 250 млн. теңге өндірілген болатын. Ал ағымдағы жылдың 9 айында аталған көрсеткіш 595 млн. теңгеге жетті. Жыл соңына дейін қосымша тағы да маңызды қомақты сомалар бюджетке түсуі болжанып отыр»,-деді Ғ. Әбдірахымов