Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Болатбек Қуандықов мәлім етті.
«Агенттік 2009 жылы ЭЫДҰ дайындаған осындай құжатты және осы бағыттағы Ресейдің тәжірибесін негізге ала отырып, «Сатып алуды жүзеге асыру кезінде сауда-саттықта сөз байласуларға қарсы күрес» жөніндегі әдістемелік нұсқаудың жобасын әзірлеуді бастады»,-деді Б. Қуандықов.
Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселелер халықаралық нарықтарда еркін сауда-саттықты дамыту жағдайларында нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы көріністеріне және картельдік келісімдеріне қарсы іс-қимылда неғұрлым өзекті болып табылады.
«Осыған орай, агенттіктің сөз байласуларға қарсы күрес жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін қарастыруды сұраймын»,-деп атап өтті агенттік басшысы.