6 мамырда өтетін акционерлердің жыл сайынғы жиналысына 2010 жылға 1 акция үшін 2,20 еуро дивиденд төлеуді бекіту туралы ұсыныс жасауға шешім шығарды. BASF-тың баспасөзқызметітаратқан хабарламаға қарағанда,бұл шешім 3 наурызда болатын Бақылаушылар кеңесінде мақұлдануы керек.
31 желтоқсандағы жағдай бойынша, дивиденд алуға құқық беретін акциялардың жалпы дивидендінің көлемі 2 миллиард еуроны құрайды. 2010 жылдың соңында 1 акцияның құны 59,70 еуро көлемінде болған еді. Акционерлер 3,7 пайызға тең дивидендтік түсім алады. Егер Директорлар кеңесінің ұсынысын жалпы акционерлер жиналысы қолдайтын болса, дивиденд төлеу 9 мамырда жүзеге асырылмақ. Концерн жыл сайын төленетін дивиденд көлемін ұлғайтуға немесе оны өткен жылғы деңгейде сақтап қалуға тырысады.