Ыстамбұлда оппозициялық күштер Асад қызметінен кеткен жағдайда бейбіт келісімдерге қатысуға келісетін қарарды қабылдады. Сирияның ахуалы бойынша жақын арада кезекті конференция Женева қаласында өтеді деп күтілуде.
08:08, 30 Мамыр 2013
Башар Асад 2014 жылы президент сайлауына қатысады
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Башар Асад келесі жылға дейін президенттік қызметін жалғастырудан дәмелі. Кейін сириялық президент жаңа мерзімге сайлауға түседі. Бұл туралы араб мемлекетінің СІМ басшысы Валид Муалем мәлімдеді.