Башар Асад: Сирияның көршілері лаңкестерге көмектесіп жатыр

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Сирия Президенті Башар Асад түркиялық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбатында Сирияға көршілес елдер лаңкестерге көмектесіп отырғандығын мәлім етті.

ВВС орыс қызметінің жазуынша, Б. Асад оның үкіметінің құлауы домино нәтижесін тудыратынын, бұл өз кезегінде Таяу Шығыстағы ахуалды ұзақ жылдарға ушықтыратынын атап өткен.

Сирия Президенті сұхбат барысында өзінің бұрынғы одақтасы Түркияның Премьер-Министрі Реджеп Тайип Эрдоганды сын тезіне алды. Оның мәлімдемесіне қарағанда, түркиялық саясаткердің Сириядағы қантөгіске қатысы бар.