Дамаскідегі Сирия президентінің қазіргі резиденциясы 1980 жылдардың соңында бес жыл ішінде салынды. Қазір ол Башар Асадтың иелігінде, ол кезде салдырған оның әкесі - Хафез Асад болатын, ол елді 2000 жылға дейін басқарды.
Британдық БАҚ-тың хбарлауынша, резиденцияны салу Сирия билеушілеріне қазіргі бағамен есептегенде 1 млрд.долларға түскен. Оның барлық корпустарының ауданы 500 мың шаршы метрді құрайды. Оның іші де таяушығыстық билеушілер дәстүрінде әрленген.
Британдық The Guardian, басылымның жазуына қарағанда, онда мәрмәрмен апталған бөлме бар, бір мәрмәр тақтатастың бағасы 150 доллар, осы бөлмені әрлеу құны - 3,4 млн.долларға түскен көрінеді.
04:23, 15 Қыркүйек 2013
Башар Асадтың Дамаскідегі резиденциясы салтанатымен көз тартады
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сирия президенттерінің резиденциясын жапондық сәулетші Кендзо Танге жобалаған, деп хабарлады РБК.