Башқұртстанда екі бала араға таланып, ауруханаға түсті

УФА. ҚазАқпарат – Башқұртстанның Ишимбай ауданында аралар екі баланы талап тастады. Жансақтау бөлімінің дәрігерлері олардың денесінен 465 ара бізгегін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ахмерово ауылында тұратын ағайынды екі бала ата-аналарынсыз орманға барған. Онда оларға үй аралары тап болып, жабыла шаққан. Сегіз жасар бала қашып құтылып, үйіне келіп, ағасы орманда қалғанын және өзі келе алмайтынын айтқан.

Стерлитамак балалар ауруханасының «ВКонтакте» парақшасында хабарланғандай, балалардың жағдайы жақсарған, оларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Олар ем қабылдап жатыр.