Башқұртстанда мамонттың азу тісі, омыртқасы, өзге де жануарлардың сүйектері табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанда Қармасқалы ауданындағы Белая өзенінің жағалауында Құм кен орнында жұмыс істеп жатқан жұмысшылар ерекше аса ірі сүйектер тауып алды.

«Олар бұл жайында археологтарға хабарлаған. Келіп, қазба жұмыстарын жүргізген ғалымдар 200 метр аумақта көптеген жануарлар сүйектерін тапты. Олардың арасында мамонттың азу тісі, омыртқасы, жамбас буынына келетін сүйектер бар», - дейді өлкелік музей өкілі.

Оның айтуынша, табылған сүйектер мұражайға тапсырылған. Ғалымдар оларды қалпына келтіріп, сипаттап, сүйектердің жануардың қай түріне тиесілі екенін анықтайтын болады. «Мамонттың жасы мен жынысын анықтау үшін палентологтарды күтіп отырмыз»,- деп атап өтті ол.