Башқұртстанда мамонттың салмағы 8,2 келілік жақ сүйегінің бір бөлігі табылды

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Башқұртстандағы   Нефтекамск қаласында жол құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылар, Кама өзені жағасынан әкелінген ұсақ тастардың арасынан  өзгеше бір тас тапқан.

Ол мамонттың тісі болып шықты. Тасқа айналған тістің салмағы 8,2 келі, деп хабарлайды  Proufu.ru

«Бұл мамонттың жоғары жақ сүйегі, өйткені осындай сүйектің бөліктері мұражайда сақтаулы», - дейді ғылыми-зерттеу стансасының әдіскері Юлия Субботина. Құнды жәдігер Нефтекамск өлкелік мұражайына тапсырылды.