ProUfu.ru сайтының хабарлауынша, Toyota Hiace-тың 23 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, тосқауылды бұзып өтіп, биіктігі тоғыз метрлік көпірден құлаған.
Шағын автобус қатты қирағанымен, жолаушылар аман қалды. Салонда жүргізушімен қосқанда бес адам болған, оның үшеуі түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Фото: bashinform.kz