Мешіттің тарихы тереңде жатыр - атеист коммунистердің дәурені жүріп, тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезде де жабылмай қалған киелі орын. Бұл туралы muslim.kz сайты жазады.
«Мешіт 1738 жылы ағаштан тұрғызылған. Осы ауданның имамы Рафис Шайхайдаровтың айтуынша, мешіт құрылысының мықтылығы сондай, жақында жөндеуден өткізер кезде мұнарасын сол күйінде қалдыруды жөн көрген екен. Бұл мешіт тек намаз оқылатын құлшылық үйі ғана емес, сонымен бірге, кезінде осы аймақтың мәдени, ағарту орталығына айналған деседі. Тіпті, көршілес облыстардан да ат сабылтып келетіндер болыпты. Қазан революциясынан кейін большевиктер құлшылық үйін жауып тастауға әрекеттенгенде жергілікті ақсақалдар ара түсіп, аман алып қалған», - деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.
Осылайша үш ғасырдың куәсіне айналған көне жәдігер әлі күнге елдің игілігіне жарап келеді.