ҰБТ-ға қалай тіркелуге болады?
Өтініш беру үшін app.testcenter.kz сайтына кіріп, «Педагогикалық ғылымдар білім беру саласы бойынша БББТ-на ауысатын студенттер» санатын таңдау қажет.
Тестілеу бес пәннен тұрады:
үш міндетті пән;
екі бейіндік пән.
ҰБТ талаптары қандай?
Педагогикалық мамандыққа ауысуды жоспарлаған студенттер үшін тестілеудің негізгі талаптары:
Шекті балл – 75;
Тестілеу уақыты – 240 минут;
Қатысу құны – 5 640 теңге;
Өткізу кезеңдері – қаңтар және тамыз.
Студенттер нені ескеруі керек?
— Тестілеу күндерінің саны шектеулі. Сондықтан ҰБТ-ға өтініш бермес бұрын ауысу талаптарын, таңдаған білім беру бағдарламасының сәйкестігін және қабылдау шарттарын жоғары оқу орнынан алдын ала нақтылап алған жөн, — деп ескертті орталық мамандары.
Бұл талаптарды ескеру студентке тестілеу кезеңін дұрыс таңдауға және ауысу рәсіміне уақытында дайындалуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін қандастарға грантқа түсу үшін ҰБТ-дан шекті балл жинау міндетті емес екенін жаздық.