«Астанада ММА-дан өтетін чемпионат туралы «Euronews» телеарнасында арнайы сюжет шығады. Бұл дегеніңіз қазақстандық спорттың ғана емес, ММА-ның халықаралық дәрежеде абыройы артып келе жатқанын көрсетеді. АҚШ-тағы рейтингтер де кәсіби ММА-ның әлемдік танымалдыққа ие болғанын дәлелдейді. Бір ғана Мейвезер мен Макгрегордың айқасын мысалға ала беріңіз. Бізде де бұл тұрғыда үлкен әлеует бар», - дейді Айдар Махметов.
Федерацияның құрметті президентінің айтуынша, Ресейдегі бір ғана Шешенстанда «Ахмад» және «Беркут» деген екі ірі промоушен бар. Оларға айтарлықтай қаржы құйылып жатыр.
«Біз бәріміз білеміз, ақшасы барлар футболға немесе өзгеде спортқа ақшаны көптеп құяды. Иә, мұның бәрі жақсы. Бірақ, әлемге мықтылығымызды дәлелдей алатын өзіміз бейім спорттың түрлері бар. ММА - соның бірі. Қазір бұл спорт энтуазистердің арқасында ғана алға басып келеді. Бәріміз ақшамызды аямай салып жатырмыз. Мен мәселен кейде өз қалтамнан спортшылардың айлықтарын төлеп беремін. Штабтың да, федерацияның да жүгі көп жағдайда өзімізге түседі. Жекпе-жектегілер шағымданбайды. Олардың өмірлері қарапайым, сонымен бірге соңғы әлі қалғанша берілмейді. Аталған чемпионат қазақстандық спортшыларды жаңа қырынан көрсете білер деген үміттемін. Басқа спортқа кетіп жатқан бизнес МАА-ға назарын аударар деп сенемін. Өйткені, Қазақстанға да үлкен әрі ауқымды, қаржыландырылуы бар промоушен керек», - деп түйді Айдар Махметов.
Еске сала кетсек, 6-7 қазан күндері Астанада Бүкіләлемдік ММА қауымдастығының нұсқасы бойынша ММА-дан V әлем чемпионаты өтеді. Айтулы додаға қазақстандық ММА шеберлерімен бірге, Қытай, АҚШ, Ресей, Марокко, Ливан елдернен 150-ден аса спортшы өзара бақ сынаспақ.