Басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Имашевтің өкілеттігі тоқтатылды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Имашев Берік Мәжітұлының өкілеттігі тоқтатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен мәлім етті.