«Бүгін тағы үш пациент жазылып шықты, оның ішінде 1993 және 1985 жылы туған екі әйел және 25 жастағы жас жігіт. Бірінші әйел 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен, екіншісі 23 наурызда Ыстанбұл - Мәскеу рейсімен және үшінші адам 26 наурызда Ыстанбұл – Мәскеу рейсімен ұшып келген.Сонымен сауығып шыққандардың саны 26-ға жетті»,– делінген Басқарма хабарламасында.
Бүгінгі күні стационарлық карантинде 877 науқас, үй карантинде 5 217 адам бар. Жұқпалы аурулар ауруханада 211 адам, провизорда 301 адам, карантин госпиталінде 388 адам жатыр.