Басқарудан кеткен 6 тонналық жер серігі Жерге құлауы мүмкін

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеу үшін ұшырылған 6 тонналық американдық UARS жер серігінің (Upper atmosphere research satellite) қалдықтары 17 қыркүйекте Жерге құлауы мүмкін.

Америкалық ғарыш кеңестігін бақылау жүйесіне сілтеме жасап, ИТАР-ТАСС хабарлағандай, аппарат басқарылмаған күйі ұшуды жалғастыруда.

UARS жер серігі көп реттік көліктік ғарыш кемесі (МТКК) «Спейс Шаттл»-ден 1991 жылы ұшырылды. Содан бері орбита шеңберінде шамамен 600 шақырым биіктік пен 57 градус көлбеуде жұмыс істеуде. Оның салмағы - алты тоннадан астам, ұзындығы - 10,7 метр.