Басқарушы «А» корпусының кадр резервіне кандидаттардың құжаттарын қабылдау аяқталды

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Биылғы 3 сәуір мен 3 мамыр аралығында, яғни бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігі «А» корпусының кадр резервіне алуға кандидаттардың құжаттарын қабылдауды жүзеге асырды.

Құжаттарды қабылдау қолма-қол, пошта бойынша және электронды пошта бойынша жүзеге асырылды. Құжат тапсырған кандидаттардың тізімі күнделікті Агенттіктің сайтында жаңартылды. «А» корпусының кадр резервіне 1984 кандидаттан, олардың арасында мемлекеттік қызмет атқаратын да мемлекеттік қызмет атқармайтын да кандидаттардан құжаттар түсті. Қазіргі уақытта кандидаттардың құжаттары «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Мемлекетттік қызмет туралы» Заңға сәйкестігіне қаралып жатыр. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша кандидаттарды тестілеуге жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылданады»,-делінген агенттік мәліметінде. Тестілеу 15 мамырда басталады және тек Астанада өткізіледі.