Баскетбол: «Астана» өз алаңында «Зенитті» жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірыңғай ВТБ лигасы аясында «Астана» баскетбол клубы өз алаңында ресейлік «Зенит» командасын жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Астана командасы Санкт-Петербургтан келген қонақтарды 87:64 есебімен ұтты. Қазақстандық баскетболшылар кездесудің үш бөлегін өз пайдаларына шешіп, біреуін тең ойнады.

Енді "Астана" командасы 4 наурызда Беларусь командасымен кездеседі.

Бірыңғай ВТБ лигасы. 14-ші тур. 

«Астана» - «Зенит» 87:64 (23:21, 21:21, 21:12, 22:10).